Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ соты Трампты журналистерді қайта Ақ үйге кіргізуге міндеттеді

kz.kursiv.media

АҚШ соты Трампты журналистерді қайта Ақ үйге кіргізуге міндеттеді

АҚШ-тағы федералды сот Дональд Трамп әкімшілігін CNN, MS NOW және Politico журналистерін Ақ үйге кіргізуге міндеттеді деп хабарлайды Kursiv Media CNN-ге сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, федералды судья Тимоти Келли журналистерді Ақ үйге кіргізуге тыйым салу заңда көзделген тиісті рәсімдерге қайшы келеді деп тапқан.

Сот шешіміне сәйкес, аталған басылымдардың редакцияларына журналистерін Ақ үйге кіргізбеу туралы шешім қабылданғанын алдын ала ескертпеген және олардың наразылықтарын да ескермеген.

Судья Келли АҚШ-та бұрыннан қалыптасқан құқықтық қағиданы алға тартты. Оның айтуынша, үкімет Конституциямен қорғалатын құқықтан адамды айыру үшін алдымен оған бұл туралы хабарлап, өз уәжін айтуға мүмкіндік беруі керек.

«Жалпы қағида бойынша, мемлекет азаматты Конституциямен қорғалатын құқығынан айырмас бұрын оған алдын ала хабарлап, өз пікірін білдіруге мүмкіндік беруге міндетті», – деп жазды Келли сот шешімінде.

Сот шешімі бойынша CNN, MS NOW және Politico журналистерінің Ақ үй аумағына кіру мүмкіндігі дереу қалпына келтірілуі тиіс.

Еске салайық, 22 қыркүйекте Ақ үй CNN, MS Now телеарналары мен Politico басылымының журналистерінің ішке кіруіне, Трамптың ресми іс-шараларына қатысуына тыйым салды. АҚШ президенті аталған редакцияларды «жалған ақпарат таратушылар» деп бағалады. Осыдан кейін тағы бірнеше теларна әріптестеріне қолдау білдіріп, Ақ үйге барудан бас тартты. Ал Трамп әкімшілігі жеке телеарна ашқанын жариялады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар