Рұқсатсыз граффити салуға тосқауыл қойылып жатыр
ІІМ ғимараттар мен қоғамдық орындарды бүлдіру және граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды Kursiv.media.
Polisia.kz мәліметі бойынша, бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатыр.
«Соңғы екі күнде республика бойынша 524 профилактикалық іс-шара өткізілді. Граффити салудың 2 300-ден астам фактісі анықталды», – делінген хабарламада.
Тексеру нәтижелері бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Шымкент қаласында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау фактісі бойынша бір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, полиция халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде.
«Республика бойынша 1 200-ге жуық ақпараттық брошюра таратылып, азаматтармен 976 түсіндіру әңгімесі өткізілді. Граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда және Ішкі істер министрлігінің бақылауында», – делінген ақпаратта.
Мұның алдында Қазақстанда ғимараттардың қасбеттері мен қоғамдық орындарға рұқсатсыз граффити салудың алдын алу үшін жаңа шаралар енгізу ұсынылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026