Алматы марафонына байланысты қаладағы бірқатар жол жабылады
27 қыркүйекте Алматыда өтетін марафонға байланысты жарыс өтетін күні қаланың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған Kursiv Media хабарлайды.
Жолдар 06:00-ден 13:30-ға дейін кезең-кезеңімен жабылады. Марафонға қатысушылар жолдың тиісті бөлігінен өткеннен кейін қозғалыс қайта ашылады.
Жол қозғалысына енгізілетін негізгі шектеулер:
Жүргізушілерге балама ретінде әл-Фараби даңғылы мен Төле би көшесін пайдалануға болады. Марафонның старты Абай алаңында, ал мәресі Республика алаңында орналасады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жолдарды жабу уақыты марафонға қатысушылардың қозғалыс кестесіне қарай белгіленген.
Оқи отырыңыз: Алматыда қай жерде тегін жүгіруге болады: жүгірушілерге нұсқаулық
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026