Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пәкістанда қарулы адамдар тапатал түсте министрді ұрлап кеткен

kz.kursiv.media

Пәкістанда қарулы адамдар тапатал түсте министрді ұрлап кеткен

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының коммуналдық шаруашылық министрі Фазал Шакур Ханды қарулы әрі бетперде таққан адамдар күндіз көлігінен күштеп алып кеткен, деп хабарлайды Kursiv Media.

Жергілікті БАҚ ақпаратына сүйенсек, шабуыл жасағандар шенеуніктің көлігінің дөңгелектеріне оқ атып, кейін оны және қасындағыларды басқа көлікке отырғызып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Оқиға Пәкістанның ірі қалаларының бірі әрі Хайбер-Пахтунхва провинциясының астанасы Пешаварға кіреберісте болған. Шабуыл сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, министр провинциялық парламент отырысына қатысу үшін Пешаварға бара жатқан. Өзі мүше «Әділет үшін қозғалыс» (PTI) партиясы оқиғаны «конституцияға, демократияға және халықтың мандатына жасалған тікелей шабуыл» деп атады.

Министрдің отбасы Пешавар сотына жүгініп, құқық қорғау органдарынан шенеунікті табуды және оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруды талап етті.

Өтініш берушілердің айтуынша, егер министрді қандай да бір мемлекеттік құрылым немесе арнайы қызмет ресми айып тақпастан ұстаған болса, оны дереу сотқа жеткізіп, босатуы керек.

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Пәкістанда жұма намазы кезінде жанкешті жарылыс жасап, 15 адам қаза тапқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар