Ардақ Зебешев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Ардақ Зебешев Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті өкімге президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ардақ Зебешев 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Лондондағы King’s College оқу орнында «Мемлекеттік басқару» мамандығын меңгерген. 2019 жылы Ұлыбританиядағы Warwick Business School-да MBA дәрежесін алған.
2003–2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесінде қызмет атқарған.
2016–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарында басшылық қызметтер атқарып, Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасарына кеңесші болған.
2019–2024 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде басқарма басшысынан комитет төрағасына дейінгі қызметтерді атқарды.
2024 жылғы ақпанда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, 2026 жылғы маусымға дейін осы қызметте жұмыс істеді. Сол жылдың маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалған.
Ардақ Зебешев «Құрмет» орденімен марапатталған. Ағылшын тілін меңгерген.
Айта кетейік, қыркүйектің басында Мұхтар Тілеуберді СІМ министрі болып қайта тағайындалған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026