Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Талдықорғанда тікелей эфирде балағат сөздер айтқан әйел үшінші рет айыппұл арқалады

kz.kursiv.media

Талдықорғанда тікелей эфирде балағат сөздер айтқан әйел үшінші рет айыппұл арқалады

Талдықорған қаласының тұрғыны TikTok-тағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтқаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Kursiv Media.

Мұндай құқық бұзушылықты Жетісу облыстық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтаған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 44 жастағы әйел тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер айтқан. Бұған дейін ол осыған ұқсас әрекеттері үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Соған қарамастан, ол қоғамдық тәртіпті тағы да бұзған. Сот оның кәмелетке толмаған балаларының барын ескере отырып, әкімшілік айыппұл салған.

Полиция өкілдері заң талаптары интернет кеңістігінде де қолданылатынын, сондай-ақ көпшілікке арналған тікелей эфирлерде қоғамдық мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттігін ескертті.

Әлеуметтік желіде тікелей эфирде әдепсіз мінез-құлқы үшін жауапқа тартылғандардың қатары азаймай тұр. Бұған дейін ұқсас жағдай Семей қаласында болды. Тікелей эфирде балағат сөздер айтқан әйел бес күнге қамалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар