Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында ер адам сталкинг жасағаны үшін сотталды

kz.kursiv.media

Алматы облысында ер адам сталкинг жасағаны үшін сотталды

Алматы облысында ер адам сталкинг жасағаны үшін сотталды. Сот оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қылмыстық істі Еңбекшіқазақ аудандық соты қарады. Сот анықтағандай, сотталушы 2025 жылдың күзінен бастап жәбірленуші әйелге бірнеше рет қоңырау шалып, WhatsApp арқылы хабарламалар жіберген. Ол әйелмен байланыс орнатуға тырысқан.

Алайда әйел онымен араласудан үзілді-кесілді бас тартқан. Соған қарамастан ер адам оны қудалауын жалғастырған. Салдарынан жәбірленуші өзін қауіпсіз сезінбей, күнделікті өмір салтын өзгертуге мәжбүр болған.

Сот жаза тағайындау кезінде ер адамның кінәсін мойындап, өкінгенін ескерді. Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 115-1-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сотталушыдан жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 5 АЕК мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске салайық, сталкингке қатысты бап Қылмыстық кодекске 2025 жылы енгізілген. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері сталкинг бойынша 11 мыңнан астам адам қамауға алынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар