Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сингапурлік компания Астана әуежайын салу туралы келісімге қол қойды

kz.kursiv.media

Сингапурлік компания Астана әуежайын салу туралы келісімге қол қойды

Астанада жаңа әуежай салу жобасына Сингапурдың Changi Airports International (CAI) компаниясы қатысады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Астана әкімдігі, ҚР Көлік министрлігі және CAI арасында қол қойылған негіздемелік келісімге сәйкес, тараптар елордада жаңа әуежай салу жобасын бірлесіп іске асыруға уағдаласты. Жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананы халықаралық авиациялық хабқа айналдыру және қаланың транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Changi Airports International қазіргі Астана халықаралық әуежайын дамытуға да қатысады. Компания әуежайды басқару, операциялық қызмет және басқа да бағыттар бойынша жұмыс істей алады.

Қазір тараптар серіктестік құрылымын, жобаларды іске асыру шарттарын және қажетті құжаттарды келісіп жатыр.

Келісімге Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотов, көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Changi Airports International бас директоры Юджин Ган қол қойды.

Changi Airports International – Сингапурдың Changi Airport Group компаниясының еншілес құрылымы. Компания әлемнің 35-тен астам еліндегі 90-нан астам әуежайдың жобаларына қатысқан.

Changi Airport 2025 жылы шамамен 70 млн жолаушыға қызмет көрсетіп, 2 млн тоннадан астам жүк өңдеген. Әуежай әлемнің 170-тен астам қаласымен әуе қатынасын қамтамасыз етеді.

2025 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада екінші әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Жаңа әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталуы тиіс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар