Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жапония әскерге гуманоид роботтарды тартпақ

kz.kursiv.media

Жапония әскерге гуманоид роботтарды тартпақ

Жапония үкіметі әскерге сарбаз жинау үшін ЖИ-мен жабдықталған гуманоидты роботтарды да пайдаланбақ. Бұл туралы Japan Today басылымы хабарлайды деп жазады Kursiv Media.

Бастапқыда мұндай роботтарды әскери базаларды күзету, патруль жүргізу немесе түрлі жүктерді тасымалдау үшін пайдаланбақ. Ал болашақта барлау және құтқару операцияларына да жіберуі мүмкін.

Жобаны Жапония Қорғаныс министрлігінің Сатып алу, технология және логистика агенттігі үйлестіреді. Ал әскерде жүретін роботтарды елдегі жеке компаниялар мен университеттер әзірлеген құрылғылар арасынан іріктеп алады.

Жапония үкіметі жыл соңына дейін қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы негізгі құжаттарды қайта қарап, жасанды интеллектіні елдің қорғаныс қабілетін күшейтетін маңызды құрал ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.

Алайда Жапония билігі жасанды интеллектіні тікелей ұрыс кезінде қолдануға әзірге сақтықпен қарап отыр. Роботтар соғыс кезінде өз әскері мен қарсыласын немесе әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындарды шатастырып алуы да мүмкін деген қауіп бар.

«Физикалық жасанды интеллектпен және қарумен жабдықталған гуманоид роботтар ұрыс кезінде қолданылады деп күтпейміз», – деді Жапонияның биліктегі Либералды-демократиялық партиясының қауіпсіздік жөніндегі комиссиясының жоғары лауазымды өкілі.

Қазір гуманоид роботтар өндірісінде Қытай көш бастап тұр. Bank of America бағалауынша, 2025 жылы әлемдегі осындай роботтардың өндірісінің 95%-ы Қытайға тиесілі болған. Жақында ел армиясы мұндай роботтарды әскери мақсатта, соның ішінде ұрыс жағдайында пайдалануға дайындауды бастады.

Оқи отырыңыз: Toyota 400 мың роботты жұмысқа алады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар