Апелляциялық сот Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскердің үкімін өзгеріссіз қалдырды
24 қыркүйекте Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты апелляциялық сот отырысы өтті. Сот қылмыскерге шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп жазады Kursiv.Media.
Апелляциялық шағым сотталушы тарапынан да, жәбірленуші тараптан да түскен.
Аймаханның қорғаушылары «сталкинг» бойынша айыптаумен келіспей, өмірлік бас бостандығынан айыру жазасын қайта қарауды сұраған.
Ал жәбірленуші тарап қорғаушылардың шағымын қанағаттандырмауды және 25 миллион теңге емес, 10 миллиард теңге көлемінде өтемақы өндіріп беруді талап еткен.
Сот істі қайта қарап, бірінші инстанция шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай 2026 жылдың 11 қаңтары қаза тапты. Сот материалдарына сәйкес, қызға 35 рет пышақ жарақаты салынған. Аймахан оқиғадан екі күн өткен соң ұсталған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026