Қазақстан әуежайлары 2025 жылы бюджетке қанша салық төледі
Қазақстандағы әуежай операторлары 2025 жылы бюджетке кемінде 34,8 млрд теңге салық аударған. Оның басым бөлігі Алматы халықаралық әуежайына тиесілі, деп хабарлайды Kursiv Media.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ашық деректері бойынша, Алматы халықаралық әуежайы былтыр бюджетке 21,93 млрд теңге аударған. Бұл зерттеуге кірген әуежай операторлары төлеген жалпы салықтың шамамен 63%-ына тең.
Екінші орында Астана әуежайы тұр. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ 2025 жылы 6,77 млрд теңге салық төлеген. Осылайша, Алматы мен Астана әуежайларының өзіне жалпы салық аударымдарының 82%-дан астамы тиесілі.
Үшінші орында Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайы орналасқан. Оның 2025 жылғы салық аударымы 1,06 млрд теңгеге жеткен. Одан кейін Шымкент әуежайы – 869,9 млн теңге, Өскемен әуежайы – 562,2 млн теңге, Жезқазған әуежайының операторы – 551,1 млн теңге салық төлеген.
Ақтөбе әуежайы бюджетке 518,2 млн теңге, Атырау әуежайы 475,4 млн теңге, Ақтау әуежайы 474 млн теңге аударған.
Орал халықаралық әуежайының салық аударымы 334,5 млн теңге, Түркістан әуежайынікі 281,7 млн теңге болған.
Семей әуежайы – 225,2 млн теңге, Қостанай әуежайы – 163,1 млн теңге, Қызылордадағы Қорқыт Ата әуежайы – 152,8 млн теңге төлеген.
Көкшетау әуежайының 2025 жылғы салық аударымы 105,5 млн теңге болған. Былтыр ол Астана әуежайының филиалы ретінде жұмыс істегендіктен, көрсеткіш филиалдың жеке БСН-ы бойынша есепке алынған.
Тараз әуежайы бюджетке 89,9 млн теңге, Петропавл әуежайы 84,1 млн теңге, Павлодар әуежайы 71,3 млн теңге аударған.
Жетісу өңіріндегі әуежайларды басқаратын оператордың салық аударымы 54,1 млн теңге болған. Боралдай әуежайы 18,7 млн теңге, Балқаш әуежайы шамамен 18 млн теңге төлеген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026