Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Менің анам, балаларым да осы үйде тұрады»: Сәуле Жұбаниязова жарыссөзде жылап қалды

kz.kursiv.media

«Менің анам, балаларым да осы үйде тұрады»: Сәуле Жұбаниязова жарыссөзде жылап қалды

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Сәуле Жұбаниязова жарыссөзде сөз сөйледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сотталушы Сәуле Жұбаниязова өз сөзінде 2017 жылғы сараптама бойынша көрсетілген барлық кемшіліктер жойылғанын айтты.

Оның сөзінше, үйді өзі тексерген кезде қабырғалардан жарықтар байқалмаған және тұрғындар тарапынан да мұндай шағым түспеген. Ал сотта айтылған жарықтардың көпшілігі ғимараттың қасбеті құлағаннан кейін пайда болғанын жеткізді.

«Мен бұл үйде әлі күнге дейін МИБ төрайымымын. Бұл тұрғындардың маған сенетінін көрсетеді. Үйдегі мәселелерді тұрғындармен бірге шешіп келеміз. Мен де осы үйде тұрамын, жақындарым да осында. Мен өзімнің, балаларымның немесе анамның өміріне қауіп төнетінін біле тұра, шара қолданбай отырар ма едім?» – деді Сәуле Жұбаниязова.

Ол кінәсін мойындамайтынын айтып, соттан әділ шешім шығаруды сұрады.

«Мен өзімді кінәсіз деп санаймын. Соттың әділ әрі дұрыс шешім қабылдайтынына сенемін», – деді ол.

Бұл сөздерді естіген Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ешанқұлова да егіле жылады. Судья оның жағдайына байланысты соңғы сөз сөйлеу үшін уақыт беру қажетін айтып, келесі сот отырысын кейінге қалдырды.

Осыған дейін сотта Ұлдана Мырзуанның анасы соттың әділ шешім шығаруын сұраған. Алайда ол Сәуле Жұбаниязованың кінәсі болмаса, ақтауын сұрады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар