Маңғыстаудағы тоғыз теңізшінің өлімінен кейін үкіметтік комиссия құрылды
Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды деп хабарлайды Kursiv Media Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Комиссия Бектеновтың өкімімен құрылған. Құрамында қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері бар.Премьер-министр Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз етуі де тапсырды.
Бүгін, 24 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткенін хабарлады. Оның тоғызы қайтыс болған.
Бас Прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезіндегі тоғыз теңізшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026