Шатыры опырылған Студенттер сарайының болашақ эскизі жарияланды
24 қыркүйекте Алматыдағы ҚазҰУ-ға тиесілі Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының шатыры опырылғаны туралы хабар тарады. Бұл ғимаратта соңғы үш жылдан бері жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Бүгінгі даудан кейін ҚазҰУ баспасөз қызметі Студенттер сарайының болашақ эскизін жариялады деп хабарлайды Kursiv Media.
Эскиздерге қарасақ, сарайдың ішкі және сыртқы бөліміне толық жөндеу жүргізіледі. Бірақ тарихи-мәдени маңызын жоғалтпау үшін негізгі қасбетін сақтап қалмақшы.
Негізгі сахна, көрермендер залы түгелдей жаңартылады, негізінен қызыл түске боялмақ. Бұрын бұл залда көк, жасыл түстер басым болатын.
Одан бөлек 40-50 адамға арналған банкет залы қосылады. Дәретханалар, дайындық залдары, қосымша кабинеттер де түгелдей жаңартылмақ.
Еске салайық, Студенттер сарайы шатырының бір бөлігі опырылып түскеніне қатысты университет әкімшілігі ресми түсініктеме берді. ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, жоспарлы демонтаж жүргізілген, төтенше жағдай болмаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026