АҚШ пен Қытай жаңа баж салығын енгізуге мораторийді ұзартты
АҚШ пен Қытай жаңа сауда баждарын енгізуге қатысты уақытша мораторийді 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін ұзартуға келісті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент бұл жайлы Вашингтонда Қытай мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Хэ Лифэнмен кездесуден кейін мәлімдеді.
Fox News хабарлағандай, бұған дейінгі келісімнің мерзімі 10 қарашада аяқталуы тиіс болған. Енді тараптарға кең ауқымды экономикалық келісімдер бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін тағы екі ай берілді.
Келіссөздер барысында сирек кездесетін металдарды жеткізу, АҚШ-тың Қытайға жартылай өткізгіштер мен жасанды интеллект чиптерін экспорттау шектеулері, Қытайдың америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуы және жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланып жатыр.
Бұған дейін АҚШ Қытай тауарларына баж салығын 145%-ға дейін, ал Қытай америкалық тауарларға тарифтерді 125%-ға дейін көтерген болатын.
Тағы да оқыңыз: Си Цзиньпин АҚШ-та: Ақ үй Безос, Маск, Кук бастаған топ-менеджерлерді жинамақ
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026