25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Каспий теңізінде оқу жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилер үшін 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», – делінген Ақорда хабарламасында.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, бұған ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі себеп болған.
Оқиға салдарынан тоғыз әскери қызметші қаза тапқан. Үшеуі құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
24 қыркүйек 2026