Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспийде қаза тапқан офицердің мәйіті әскери ұшақпен Түркістанға жеткізілді

kz.kursiv.media

Каспийде қаза тапқан офицердің мәйіті әскери ұшақпен Түркістанға жеткізілді

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметші Олжас Мұхтарұлының мәйіті әскери ұшақпен Түркістанға жеткізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Kursiv.Media-ға хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Олжас Мұхтарұлы Түркістан облысының тумасы.

Ол Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілерді теңіз алып кеткен. Қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, Үкіметтік комиссия құрылды. Қорғаныс министрлігінен бес лауазымды тұлға қамауға алынды.

Бұған дейін, үш әскеридің мәйіті Батыс Қазақстан облысына жеткізілген еді.

Қайғылы жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар