Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев инвестициялық жобалар жайлы қазақ-қытай бағдарламасын іске қосуды ұсынды

kz.kursiv.media

Тоқаев  инвестициялық жобалар жайлы қазақ-қытай бағдарламасын іске қосуды ұсынды

Тоқаев Қытай мен Қазақстанда жасалған ортақ инвестициялық жобалар жайлы бағдарлама іске қосуды ұсынды. Бұл туралы ол Алматыда өтіп жатқан қазақ-қытай форумында айтты деп жазады Kursiv Media.

«Біз жекелеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы толыққанды өндірістік экожүйе қалыптастыруды көздейміз. Бұл қадам Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдерінің нарықтарына бірлесіп шығуға мүмкіндік береді. Осы орайда «Common History Destiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan» деп аталатын қазақ-қытай бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Үкімет қытайлық серіктестермен бірге келешегі зор жобалардың тізімін әзірлеп, оның бәрін жүзеге асыруға жедел кірісуі керек», – деді ол сөзінде.

Президент Қазақстанда белсенді жұмыс жүргізіп жатқан қытайлық кәсіпорындарды атап өтті. Олардың қатарында Алматыда автокөлік кластерін дамытуға қатысқан қытайлық автозауыттар, мақта-мата кластерін қалыптастыруға себеп болған Lihua, Fufeng, Dalian Hesheng Holdings компаниялары бар. Көрші ел инвесторлары арқылы Қарағанда облысында кремний өндірісі іске қосылды. Енді Ақтөбеде ерекше индустриялық аймақ құрылмақ.

«Қытайдың Jinyi Holding Group компаниясымен бірлесіп, Ақтөбе облысында ерекше индустриялық аймақ құрылуда. Аталған аймақ халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін болады. Агроөнеркәсіп кешенін бірлесіп дамыту жөнінде бірқатар уағдаластыққа қол жеткіздік, нақты бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз», – дейді президент.

Ақорда дерегінше, қазір екі тарап арасында жалпы құны 62 миллиард доллардан асатын 260 бірлескен ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Alatau Air Cargo атты ұлттық жүк тасымалдаушы компания іске қосылды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар