Халық кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасына қаржылай көмек көрсетіледі
Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері Шахмұрат Мүтәліп пен Гаджи Гаджиев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасына материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Кәсіпкер, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліптің айтуынша, Integra Construction KZ компаниясы қаза тапқан әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден береді. Қаржылай қолдау мемлекеттік көмектен бөлек көрсетіледі.
Публикация от Shakhmurat Mutalip (@shakhmurat_mutalip)
«Қайтыс болған баланы ешқандай ақша қайтара алмайды. Алайда мұндай сәтте бірде-бір отбасы қайғысымен жалғыз қалмауы керек», – деп жазды ол.
Ал Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Публикация от Kaz Weightlifting Federation (@wf_rk)
Екі кәсіпкер де қаза болғандардың жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, бұған ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі себеп болған.
Іс-түссіз кеткен 17 адамның 12-і қайтыс болған. Екі әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қорғаныс министрлігі де ақпаратты растап, қаза тапқандардың тізімін жария етті.
Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Каспий теңізінде оқу жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилер үшін 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
- Соңғы
- Қыркүйек, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қыркүйек 2026