Алматыда жеткізуші роботтар мен жүргізушісіз көлік технологиялары тестіленді
Алматы көшелерінде жеткізуші роботтар мен жүргізушісіз көліктерді көретін күн алыс емес, деп хабарлайды Kursiv.media.
Көлік министрлігінің мәліметінше, мегаполисте жеткізуші роботтар мен автокөліктік картографиялау технологияларын іске қосу рәсімі өтті. Бұл жүргізушісіз көлік технологияларын одан әрі дамыту үшін қажет.
Іс-шара аясында жеткізуші роботтың көмегімен алғашқы тапсырыс рәсімделді. Yandex Qazaqstan өкілдері технологияның қалалық ортада жұмыс істеу тәртібін көрсетті. Робот жергілікті жерде өздігінен бағдарланып, қозғалыс бағытын құрады. Кедергілерді анықтап, қауіпсіз қозғалыс траекториясын таңдайды.
Арнайы жабдықталған автомобильдер Алматы көшелерімен қозғалып, қаланың жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасауға кірісті. Автомобильдер лидарлар мен камераларды қоса алғанда, сенсорлар кешенімен жабдықталған.
Қозғалыс барысында олар жол инфрақұрылымы туралы – жол таңбалары, бағдаршамдар, жол белгілері, қиылыстар және басқа да нысандар жөніндегі деректерді жинайды. Жиналған ақпарат негізінде жол қозғалысы ортасының егжей-тегжейлі цифрлық моделі қалыптастырылады. Ол алдағы уақытта жүргізушісіз көлік жүйелерінде пайдаланылуы мүмкін.
Қазіргі таңда жүргізушісіз көліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін заңнамалық база әзірленіп жатыр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қыркүйек 2026