Путин Тоқаевқа көңіл айтты
Ресей Президенті Владимир Путин Каспий теңізінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді
«Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті», – делінген ақпаратта.
Айта кететін жайт, Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде теңізшілер су кетіп, үшеуі аман қалды. 12 адамның қаза болғаны жарияланды. Тағы екі адамның денесі іздестіріліп жатыр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 24
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қыркүйек 2026