Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытай инвесторлары Қазақстанда робот жасайтын зауыт ашпақшы

kz.kursiv.media

Қытай инвесторлары Қазақстанда робот жасайтын зауыт ашпақшы

Қытайлық Ubitech Robotics қазақстандық компаниялармен біргіп, гуманоидты робот шығаратын зауыт ашты. Бұл туралы Nero Group компаниясының бас директоры Ерлан Набиев деп хабарлайды Kursiv Media.

Ubitech Robotics – 2012 жылы негізі қаланған, Қытайдың Шэньчжэнь қаласында орналасқан робототехникасын іске қосуда әлемдегі бірінші орындағы компаниялардың бірі. Биыл 440 млн доллар инвестиция салып, отандық Nero Group компаниясымен бірлесіп Алматыда робот өндіретін зауыт ашты.

Бұл бірнеше жобаны біріктірген инвестициялық кешен болмақ. Яғни зауытта гуманоидты роботтардан бөлек, роботехникалық жиынтық та шығарылады.

«Бұл – ең алдымен өндірістік бөлікті ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын, бағдарламалауды қамтитын және көптеген жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастапқы кезең. Сондай-ақ бұл – өндірістік алаң. Ол үшін көлемі шамамен 25 мың шаршы метр болатын үлкен орталықты салып жатырмыз», – деді компания басшысы Ерлан Набиев журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзінше, зауыттан шығарылған роботтарды ең әуелі білім беру және қызмет көрсету салаларында пайдаланбақшы. Яғни олар өндірісте, логистика саласында жұмыс істейді, тіпті мектептерде білім беру процесіне де пайдаланбақ. Жоспар бойынша, Алматы әкімдігінің тапсырысымен жыл сайын 50 мың роботехникалық жиынтық шығарылуы керек. Бұл жоба қазан айынан басталады. Жиынтықтар Алматыдағы 30 мектепке таратылады. 2028 жылы тағы 200 мектепке роботехникалық топтамалармен қамтамасыз етіледі. Олар арқылы балалар сабақта робот құрастыруды, бағдарламалауды, ЖИ-мен жұмыс істеуді үйренеді.

«Ең бастысы олар отандық қазақ роботтарын құрастыратын болады», – дейді Nero Group басшысы

Ал келесі жылдың екінші тоқсанынан бастап зауытта гуманоидты роботтар құрастыру бастайды. Жылына 1000 робот жасалады деген жоспар бар. Ерлан Набиевтің сөзінше, роботтар ғана емес олардың бағдарламалық жасақтауы да Қазақстанда әзірленеді.

«Біздің мақсатымыз – роботтар адамның орнын басу емес, адамға көмекші болуы тиіс. Қазір біз роботтарды ойын-сауық саласына емес, ең алдымен білім беру және қызмет көрсету салаларында қолдануға бағыттап отырмыз», – деп атап өтті спикер.

Қазір Nero Group компаниясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Сәтбаев университеті сияқты оқу орындарымен байланыс орнатып жатыр. Аталған универсиеттердегі ғалымдарды роботехника саласындағы жұмыстарға тартпақ.

Екі тараптың бірлесіп жұмыс істеуі былтыр қарашада басталған. 2025 жылы қарашада Алматы қаласы әкімдігінің ұсынысымен Nero Group өкілдері Ubitech Robotics басшылығымен кездесті. Ал биыл Тоқаев қатысуымен Шанхайда өткен Қазақстан-Қытай форумында Ubitech Robotics компаниясымен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар