Алматыда су тапшылығы туындауы мүмкін – сарапшы
Жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы Имран Османов Алматыда су тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ол өзінің Telegram-арнасында осындай болжам жасаған. Қалаға су Іле Алатауындағы еріп жатқан мұздықтардан келеді. Соңғы жылдары олардың аумағы 40%-ға дейін қысқарған.
«Алматы халқы да тұрақты түрде өсіп келеді: 2040 жылға қарай қала тұрғындарының саны 3,6 миллион адамға жетуі мүмкін. Соған сәйкес инфрақұрылымға түсетін жүктеме де артып келеді. Қазірдің өзінде қала билігі Алматы аумағының шамамен 40%-ында су тұтыну ең жоғары болатын уақытта су тапшылығы байқалатынын мойындап отыр», – деп жазды сарапшы.
Коммуналдық желілерді дайындау қарқыны тұрғын үй құрылысының өсу қарқынына ілесе алмай келеді.
Османовтың пікірінше, Кеңес дәуірінде Алматы халқының шекті саны 700 мың адам болады деп есептелген. Қазір қалада 2,4 миллионға жуық тұрғын бар.
Айта кететін жайт, шілде айында Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы ауыз сусыз қалған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 24
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қыркүйек 2026