Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекеттің беріктігі осындай қысылтаяң шақта білінеді – вице-президент

kz.kursiv.media

Мемлекеттің беріктігі осындай қысылтаяң шақта білінеді – вице-президент

Қазақстанның вице-президенті Ерлан Қарин Маңғыстау облысында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, елді бірлік пен сабырға шақырды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Оның айтуынша, қаралы күнге байланысты барлық мемлекеттік Тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шараларына тыйым салынды. Телеарналар мен радиолардың бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, ақпараттық сайттар мен мерзімді басылымдар ақ-қара түсті режимге көшті.

«Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына тағы да қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды», – деді Ерлан Қарин.

Ол қаза болған азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетінін атап өтті. Арнайы үкіметтік комиссия құрылып, құқық қорғау органдары тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар бірқатар қазақстандық кәсіпкерлер марқұмдардың отбасыларына материалдық қолдау көрсететіндерін мәлімдеген.

«Халқымыз осынау қиын сәтте тағы да өзінің береке-бірлігін көрсетіп, ауыр қайғыны бөлісіп жатыр. Жұрттың ынтымағы, мемлекеттің беріктігі осындай қысылтаяң шақта білінеді», – деді мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин барша азаматты сабыр сақтап, бір-біріне қолдау көрсетуге және ауыр сынақтан бірлесіп өтуге шақырды.

Маңғыстаудағы сарбаздардың өліміне қатысты бес лауазымды тұлға ұсталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар