«Әділет» партиясы әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 млрд теңге аударады
«Әділет» партиясының мүшелері мен партия Іскерлік кеңесінің өкілдері Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін 1,5 млрд теңге жинады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Атап айтқанда, республикалық тау-кен және металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец 600 млн теңге, «Alageum Group» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов пен «ВД-Строй Инжиниринг» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Еркін Оқасов 300 млн теңгеден аударды. Сондай-ақ Елбегі Әбдиев, Қанат Ибраев, Мұрат Әмірин, Юлия Якупбаева, Серік Аманғалиев және Талғат Темірханов 50 млн теңгеден көмек көрсетті.
Олардың барлығы – «Әділет» партиясы мен Іскерлік кеңестің мүшелері. Жиналған қаражат қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін «Ұлттық рух» қорына аударылады.
Партия мәліметінше, жиналған қаражат әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық қолдау көрсетуге бағытталады.Барлық жарна ерікті түрде берілген.
Ал Халық кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 815 млн теңге бағыттамақ.
Сондай-ақ кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов әскери қызметшілердің отбасыларына 50 млн теңге қаржылау көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.
Маңғыстаудағы 14 әскеридің өліміне күдікті ретінде Қорғаныс министрлігінің 5 лауазымды тұлғасы ұсталған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 24
-
-
Күнделікті жаңалықтар
25 қыркүйек 2026