Қазақстанда бидайды терең өңдейтін ірі зауыт салынады
Қытайлық «Hoshen Holdings Group» компаниясы Ақмола облысында бидайды бірнеше рет өңдейтін ірі өндіріс кешенінің құрылысын бастайды. Бұл туралы Қазақстан-Қытай инвестициялық форумында компания бас директорының орынбасары Сунь Яо айтты деп хабарлайды Kursiv Media.
Жобаның алғашқы кезеңінде 650 млн доллар инвестиция салынады, 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Бастапқы кезеңде зауыт жыл сайын бір миллион тонна отандық бидайды шикізат ретінде пайдаланып, аминоқышқылдар өндіреді. Ал екінші кезеңде алынған минералдан фармацевтикалық препараттар, биоматериалдар және өзге де қосымша өнімдер шығармақшы.
«Қазақстанда ауыл шаруашылығы ресурстары өте мол, бірақ басты кедергі – тасымалдау. Біздің идеямыз – тоннасы 200 доллар тұратын бидайды өңдеп, бағасы 1 000-нан 10 000 долларға дейін жететін дайын өнімге айналдыру. Бұл логистиканы жеңілдетіп, жергілікті ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдалануға жол ашады», – дейді Сунь Яо.
Дайын өнімнің негізгі бөлігі Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс, АҚШ, Канада сияқты әлемдік нарықтарға экспортталады.
Инвесторлар қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру үшін тұрақты түрде оқыту курстарын ұйымдастырып, жыл сайын жұмысшыларды Қытайға тағылымдамаға жіберіп отырмақ. Сонымен қатар, зауыт өндірісі толығымен дерлік автоматтандырылған жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталады.
Айта кетейік, қазір Алматыда Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы өтіп жатыр. Жиынға 600-ге жуық делегат келген. Шара аясында екі тарап жалпы саны 45-ке жуық коммерциялық құжат алмасады.
Оқи отырыңыз: Қытай инвесторлары Қазақстанда робот жасайтын зауыт ашпақшы
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026