Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қорғаныс министрі Қосанов қаза тапқар сарбаздардың жақындарына көңіл айтты

kz.kursiv.media

Қорғаныс министрі Қосанов қаза тапқар сарбаздардың жақындарына көңіл айтты

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қаза тапқан жауынгерлердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ол Қорғаныс министрлігі жауапкершіліктен жалтармайтынын атап өтті.

«Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз», – деді ол.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Бұған дейін Каспий теңізіндегі 14 жас әскерилердің қазасына қатысы бар деген күдіктілер ұсталды. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға қолбасшылық құрамының жауапты лауазымды тұлғалары.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының ерекше бақылауында.

Бүгін Қазақстан 14 сарбаздың қаза болуына байланысты аза тұтып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар