Назым Қызайбай Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Kursiv.Media.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қызайбай Қытай өкілі Ксуан Жаомен кездесті.
Бірінші раундта төрешілер 4:1 есебімен қытайлық боксшыға басымдық берді. Екінші раунд та тартысты өтіп, 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Қытай боксшысына берді. Осылайша Назым Қызайбай Азия ойындарындағы жарыс жолын алғашқы кездесуден кейін аяқтады.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – әлемнің үш дүркін чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Бұған дейін, Төрехан Сабырхан мен Алуа Балқыбекова алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жеткен еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026