Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда Changan, BYD және Deepal көліктері көбейіп келеді

kz.kursiv.media

Қазақстанда Changan, BYD және Deepal көліктері көбейіп келеді

Қазақстанда жаңа көліктердің шамамен әр екіншісі қытайлық брендтерге тиесілі. 2026 жылдың алғашқы алты айында елде 66,9 мың қытай көлігі алғаш рет тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға көп. Жалпы Қазақстанда алғаш рет тіркелген жаңа көліктердің 49,3%-ын қытайлық брендтер құрады. Бұл туралы Қазақстан автобизнесі қауымдастығы хабарлады.

Қазақстанда алғаш рет тіркелген қытайлық көліктер арасында үздік бестікке мына брендтер кірді:

Changan қытайлық көліктердің жалпы санының шамамен 35%-ын құрады. Сонымен қатар ірі брендтер арасында ең жоғары өсім BYD-де тіркелді – оның көрсеткіші бір жылда 241%-ға артқан. Deepal көліктерінің алғашқы тіркеуі 182%-ға, ал Changan көрсеткіші 177%-ға өскен.

Жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда барлығы 135,7 мың жаңа көлік тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп.

Қытайлық көліктердің өсімі жалпы автонарықтағы өсімнен әлдеқайда жоғары болды. Қытай брендтерінің көрсеткіші 37%-ға артса, жалпы нарықтағы өсім 13%-ды құрады.

Бұл бес брендтің ішінде көлік тіркеу көрсеткіші тек Jetour-де төмендеген. Ол 26%-ға азайған.

Қытайлық көліктер ең көп тіркелген өңірлер қатарында Алматы – 11,7 мың, Астана – 9,8 мың және Алматы облысы – 5,6 мың көрсеткішпен тұр.

Қытай көліктерін сатып алушылардың шамамен 95%-ы жеке тұлғалар болған.

Қазақстанның автомобиль одағының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында ресми дилерлер 105 886 жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатқан.

Олардың рейтингінде Changan 9 471 көлікпен (+89,2%) төртінші орынға, Chery 8 143 көлікпен (+11,3%) бесінші орынға, Haval 6 730 көлікпен (+16,2%) алтыншы орынға, ал Jetour 5 774 көлікпен (-20,3%) жетінші орынға жайғасқан.

Айырмашылық әсіресе Changan мен BYD көрсеткіштерінен байқалады. Алғашқы тіркеу бойынша олар тиісінше 23,6 мың және 5,4 мың көлік көрсеткен. Ал ресми дилерлердің Changan бойынша сатылымы 9 471 көлік болған, BYD көрсеткіші бұдан да төмен.

Бұл тіркеу статистикасының ресми сатылымға қарағанда кеңірек нарықты қамтитынын көрсетеді. Оған ресми арналардан тыс әкелінген жеңіл көліктер де кіреді.

Айта кетйік, «Astana Motors компаниясы мен қытайлық Chery Group компаниялары келісімге қол қойды. Соның аясында Қазақстанда OMODA & Jaecoo көліктерін шығарылатын болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар