Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Амстердамда кафенің террасасында атыс болып, адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Амстердамда кафенің террасасында атыс болып, адам қаза тапты

Нидерландыдағы Амстердам қаласында кафелердің бірінің террасасында атыс болып, түрме кешенінің қызметкері қаза тапты. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Полиция мәліметінше, оқиға туралы хабар 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 15:05 шамасында түскен. Шабуыл кезінде кафенің террасасында келушілер болған.

Кейін Нидерландтың Жазаларды орындау қызметі қаза тапқан адамның Заанстад түрме кешенінде жұмыс істегенін хабарлады. Ұсталған күдіктінің жеке басы мен атыс жасау себептері әзірге жарияланған жоқ.

Расталмаған ақпарат бойынша, күдікті атыстан кейін қаруын суға лақтырып жіберген. Полиция бұл мәліметке қатысты түсініктеме бермеді.

Оқиға орны қоршауға алынды. Құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты паромдардың уақытша аялдайтын орны да өзгертілді.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ жақын маңдағы кәсіп иелерінен бейнебақылау камераларындағы жазбаларды беруді сұрады.

Айта кетейік, осыған дейін Филиппинде мектеп оқушысы атыс шығарып, үш адам қаза тапқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар