Алматыда 1 қазаннан бастап су тарифі қымбаттайды
1 қазаннан бастап Алматыда су тарифі өседі. Бір текше метр су 178,06 теңге болады. Ал су бұру тарифі 119,46 теңге болып белгіленді. Бұл «Алматы су» тариф кестесінде көрсетілген.
Су есептегіші жоқ үйлерде әр адамға ай сайын мынадай төлем есептеледі:
Есептегіші жоқ тұрғындар үшін төлем әр тіркелген адамға айына 15 текше метр су нормасы бойынша есептеледі. Бұл норма 2025 жылғы қаңтарда енгізілген.
Сонымен қатар көшедегі су колонкасынан су алатындар үшін төлем айына бір адамға 133,55 теңге болады.
Тозығы жеткен көппәтерлі үйлердің, апатты жағдайдағы нысандардың және ортақ пайдаланылатын орындары бар жатақханалардың тұрғындары үшін, егер техникалық себептерге байланысты су есептегішін орнату мүмкін болмаса, су ақысы бір адамға айына 956,19 теңге, ал су бұру ақысы 641,48 теңге болады.
Ал 15 сәуір мен 15 қазан аралығында бір сотық жерді суарудың ай сайынғы құны 1780,60 теңге болып белгіленді.
Өзге заңды тұлғалар үшін судың бір текше метрі 362,18 теңге, ал су бұру тарифі 264,75 теңге болады.
Мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және үшінші топқа жататын өзге де ұйымдар үшін тарифтер тиісінше 649,60 және 189,14 теңге болып белгіленген.
Көрсетілген барлық сома ҚҚС-ты қоса есептегенде көрсетілген.
Айта кетейік, 12 қыркүйектен бастап Алматы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифтері де көтерілді.
Еске сала кетейік, 1 сәуірден бастап Қазақстандағы коммуналдық қызмет ұйымдарына тарифтерді заңды түрде көтеруге рұқсат берілген.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026