Азия ойындары: 26 қыркүйекте Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады
26 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының үш боксшысы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева 1/8 финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Ю-Тинг Линмен кездеседі. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен сағат 08:00-де басталады.
90 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай да 1/8 финалда жұдырықтасады. Оның қарсыласы – Ауғанстан өкілі Силаб Нури.
55 келіде Махмұд Сабырхан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Иран мен КХДР боксшылары арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектерін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасынан Сабыржан Аққалықов пен Оразбек Асылқұлов жеңіліп, Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтаған еді.
Енді ерлер құрамасындағы негізгі үміт қос ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға және Нұрбек пен Айбек Оралбайларға артылып отыр.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026