Қаза болған әскерилердің отбасыларына көмек көрсету үшін бірыңғай қор белгіленді
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің акваториясында әскери міндеттерін орындау кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету үшін бірыңғай оператор ретінде «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі белгіленді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Облыс әкімдігіне қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсеткісі келетін азаматтардан, бизнес өкілдері мен ұйымдардан көп өтініш түскен.
Осыған байланысты қаражат жинау процесін жүйелеп, көмек көрсетудің бірыңғай ресми тетігін қалыптастыру және алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында осындай шешім қабылданған.
Қорға түсетін қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы нысаналы мақсатқа сай жүзеге асырылып, қор қызметі мен қаражат қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады.
Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек жинаған.
Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсеткісі келетін азаматтар мен ұйымдар қаражатты қордың ресми реквизиттері арқылы аудара алады.
Әкімдік азаматтарды алаяқтықтан сақ болуға және қаражатты жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттерге аудармауға шақырды.
Қордың ресми реквизиттері:
«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігіБСН: 090140013447Банк: «Alatau City Bank» АҚБСК: TSESKZKAЖСК: KZ03998PTB0000488655Валюта: KZT
Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты лауазымды тұлғалар анықталған еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026