Шавкат Мирзиёев пен Садыр Жапаров қайғыға ортақтасып көңіл айтты
Қазақстан Президентінің атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.
Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен әрі күрт нашарлап, желдің екпіні күшеюіне байланысты ашық теңізге 17 әскери қызметшіні алып кеткен болатын.
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде үш әскери қызметші құтқарылды, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, 12 әскери қызметші қаза тапты.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу іс-шараларын жүргізуде.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026