Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Назымнан кейін Оразбек: Қазақстанның тағы бір боксшысы жарыстан шығып қалды

kz.kursiv.media

Назымнан кейін Оразбек: Қазақстанның тағы бір боксшысы жарыстан шығып қалды

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Асылқұлов Оңтүстік Корея өкілі Донгуан Жангпен жұдырықтасты.

Кездесу тартысты өтті. Бірінші раундта төрешілер 3:2 есебімен кореялық боксшыға басымдық берді. Екінші раундта да төрешілердің пікірі 3:2 болып, Жангтың пайдасына шешілді.

Үш раундтың қорытындысында жеңіс Оңтүстік Корея өкіліне берілді. Осылайша Оразбек Асылқұлов Азия ойындарындағы жарыс жолын алғашқы жекпе-жектен кейін аяқтады.

Бұған дейін бүгін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Назым Қызайбай да алғашқы кездесуінде Қытай боксшысына есе жіберген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар