Әскерилердің қазасы: Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды
Каспий теңізіндегі 14 жас әскерилердің қазасына қатысы бар деген күдіктілер ұсталды. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға қолбасшылық құрамының жауапты лауазымды тұлғалары, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ұсталғандардың арасында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирлері, сондай-ақ теңіз жаяу әскері ротасының және «Қайсар» кемесінің командирлері бар.
Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ Әскери-тергеу бөлімшесі «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау кезінде болды. Кенеттен көтерілген дауыл мен қатты желдің салдарынан 17 әскери қызметшіні теңіздің ағысы алып кетті.
Тергеу барысында оқу-жауынгерлік тапсырманы ұйымдастыру мен орындау кезінде шешім қабылдау мән-жайлары, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, ауа райы жағдайлардың ескерілуі, катердің техникалық жағдайы, сондай-ақ оқу-жаттығуды өткізуге және жеке құрамның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері зерттеліп жатыр
Қажетті тергеу және процестік әрекеттер жүргізіліп жатыр. Барлық күдіктілердің іс-әрекетіне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының ерекше бақылауында.
Бүгін Қазақстан 12 сарбаздың қаза болуына байланысты аза тұтып жатыр.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026