Алматыда "Астана" атты автобустар құрастырылады
Astana Motors компаниясы Алматыда «Астана» атты автобустар құрастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы қалада өтіп жатқан Қазақ-Қытай форумында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді деп хабарлайды Kursiv Media.
«Ол ерекше, қайталанбас болады, интеллектуалдық меншігі бізде. Оның бөлшектеріне Қытайдағы түрлі зауыттарға тапсырыс бердік. Ал автобустың шанағын Алматыда жинаймыз. Ол автобус «Астана» деп аталады», – деді ол.
Жаңа автобустар дизель және газбен жүреді және 2027 жылдан бастап шығару жоспарланған.
Отандық автобус құрастырылатыны туралы Смағұлов бұған дейін шілдеде айтқан. Оның сөзінше, жаңа транспорттың өндірісіне қазақстандық инженерлер де қатысады.
Нұрлан Смағұлов журналистерге отандық авто шығару деген арманы жайлы да айтты Бірақ, әзірге, оның ауылы алыс дегенді меңзейді.
«Автобусқа қарағанда жеңіл көлік құрастыру қиын, технологиясы күрделірек. Біз, әзірге, ол жолдың басындамыз. Ол машинаның атауы жайлы ойлануға дейін бірнеше жыл бар. Алдымен жақсы технологиялық серіктес табу қажет», – дейді ол.
Смағұловтың сөзінше, қазір Astana Motors Қытайдағы жоғары технологиялы тағы бір стартаппен келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге тараптар нақты келісімдерге келмеген.
«Оны біздің портфеліміздегі өзге брендтер тәрізді масс-бренд деуге келмейді. Тіпті қытайлық көліктердің бастапқы бестігіне, тіпті ондығына да кірмейді. Бірақ жоғары технологиялы стартап дей аламын, қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін нақты бір нәтиже болады деп үміттенеміз», – деді ол.
Айта кетейік, 25-27 қыркүйекте Алматыда Қазақстан-Қытай кәсіпкерлерінің форумы өтіп жатыр. Жиынға 600-ден астам делегат қатысады.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026