Қытай компаниясы Еуропаға жүк тасымалдау үшін Каспийден жаңа порт ашады
Қытайлық компания Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумағында жаңа порт салады. Жаңа порт «Маңғыстау-Гую» деп аталмақ. Алматыда өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумында Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян осылай айтты деп хабарлайды Kursiv Media.
Guoyou Materials Industry Group – Каспий теңізіндегі порт салу бағдарламасы бойынша басты инвестордың бірі саналады. Қытайлық компания мен қазақстандық тарап биыл шілдеде Шанхайда өткен форумда айлақ салу туралы келісімге келген. Юй Боянның сөзінше, қазақстандық билік 710 гектар аумақ бөлуге келіскен, бірақ бұл нақты емес. Әлі де келіссөздер жүріп жатыр. Дегенмен порт салынатын аумаққа инфрақұрылым тартылып, жаңа жобаға дайындық жұмысы жүріп жатыр.
«Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестіктің болашағы зор екеніне сенемін. Қазақстан «Бір белдеу – бір жол» бастамасы бойынша құрлықтағы жүк тасымалының 85%-ын жүзеге асырып отыр. Логистикалық тұрғыдан алғанда, Қытай өз тауарларын сол порт арқылы Еуропаға шығаруға мүмкіндік алды», – дейді Guoyou Materials Industry Group директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян
Жоспар бойынша, порт арқылы екі бағытқа тауар тасымалдауға болады. Оның бірінде Каспийден Бакуге барып, одан әрі Қара Теңіз бойымен Еуропаға шықса, екінші бағыт Иранға барады. Қытай негізінен электр бұйымдарын, қозғалтқыштар жөнелтсе, Қазақстан сол бағыт арқылы астық, минералды заттар, шикізат тасымалдай алады. Порт 100-150 мың тонна аралығында жүк өткізе алады деген жоспар бар.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026