Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар облысында сотталған 300 адам тек қағаз жүзінде ғана жұмысқа тұрған

kz.kursiv.media

Павлодар облысында сотталған 300 адам тек қағаз жүзінде ғана жұмысқа тұрған

Павлодар облысында прокурорлар сотталғандарды жалған жұмысқа орналастыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Павлодар-онлайн хабарлауынша, Павлодар облысының прокуратурасы сотталғандарды жалған жұмысқа орналастыру фактілерін анықтады.

Қадағалау органының қызметкерлері сотталғандарды жұмысқа орналастыру статистикасы көрсетілген құжаттарға талдау жүргізген. Нәтижесінде көрсеткіштің 2,5 есеге асыра көрсетілгені анықталды.

Прокуратура мәліметінше, есепке іс жүзінде жұмыс істемеген және олармен еңбек шарты жасалмаған сотталғандар енгізілген.

«Жүргізілген талдау көрсеткендей, есептілікке іс жүзінде жұмыс істемеген әрі олармен еңбек шарттары жасалмаған сотталғандар енгізілген. Есептік деректерге сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің біріндегі еңбекке қабілетті 855 сотталғанның 494-і жұмысқа орналастырылған деп көрсетілген», – деп хабарлады прокуратура.

Алайда зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтерді тексеру нәтижесінде жұмысқа тек 205 сотталғанның орналастырылғаны расталды. Осылайша, 289 адам іс жүзінде жұмысқа орналастырылмаған. Ал еңбекпен қамту көрсеткіші 2,5 есеге асыра көрсетілген.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мұның алдында Павлодар прокуратурасы сәбиін 100 мың теңгеге сатқан әйелдің жазаға тартылғанын хабарлаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар