Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Солтүстік Қазақстанда жылу беру маусымы басталды

kz.kursiv.media

Солтүстік Қазақстанда жылу беру маусымы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында жылу беру маусымы кезең-кезеңімен басталды. Қазірдің өзінде 23 әлеуметтік нысанға жылу берілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жылу жүйесін алғаш болып Есіл ауданы іске қосты. 26 қыркүйекте Ғабит Мүсірепов ауданында, 28 қыркүйекте Петропавл қаласы, Жамбыл және Мамлют аудандарында жылу беріле бастайды. Қалған аудандар 1 қазаннан бастап жылыту жүйесіне қосылады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әлішер Беспаевтың айтуынша, өңірдің жылу маусымына дайындығы аяқталуға жақын.

Биыл жылу маусымына дайындық аясында Петропавл жылу-электр орталығындағы алты қазандық пен алты турбоагрегат күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ жоспарланған 3,5 шақырымның орнына 5,2 шақырым жылу желісі тартылды.

Аудандардағы қазандықтарды дайындауға бюджеттен шамамен 19 млн теңге бөлінді. Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарында екі жаңа орталық қазандық пайдалануға берілді. Сонымен қатар сегіз қазандық жөнделіп, алтауы сатып алынды.

Өңірде отын қоры да жеткілікті. Қазір теміржол тұйықтарында 54 мың тонна көмір бар, оның 14 мың тоннасы Петропавлда сақтаулы.

Бұған дейін Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылу беру маусымы 1 қазанға дейін басталатынын жазған едік. Ал Павлодар облысында жылу беру 14 қыркүйекте басталған. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өңірлердегі жылу беру маусымының басталуы ауа райына байланысты болатынын айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар