Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды
Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты екі баппен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Kursiv Media.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта арнайы құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы қажетті сараптамалар тағайындап, кешенді іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Қанат Бозымбаев оқиға себептерін қысқа мерзімде толық анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.
Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы тұрақты екенін, өміріне төніп тұрған қауіп жоғын және оған барлық тиісті ем-дом көрсетіліп жатқанын хабарлады.
25 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткенін хабарлады. Бастапқыда тоғыз теңізші қайтыс болды, үшеуі құтқарылды деп хабарлаған. Тағы бір адам аурухана жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Каспий теңізінде оқу жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилер үшін 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Осыдан кейін Бектеновтың өкімімен Маңғыстауда арнайы комиссия құрылды, оның премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезіндегі тоғыз теңізшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026