Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Сырым» шекара бекетінде Ресей мен Моңғолияның өнімдері кері қайтарылды

kz.kursiv.media

«Сырым» шекара бекетінде Ресей мен Моңғолияның өнімдері кері қайтарылды

«Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде жүк көліктерін тексеру барысында бидай кебегі мен мұздатылған қой етін тасымалдауға қатысты ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Бірінші жағдайда Ресей Федерациясының Ульянов облысынан Түркістан облысының Сайрам ауданына 40 тонна бидай кебегі тасымалданған. Тексеру кезінде өнімге ветеринариялық ілеспе құжаттардың, термиялық өңдеудің және таңбалаудың болмағаны анықталды.

Екінші жағдайда Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласынан Тәжікстанның Душанбе қаласына 20 тонна мұздатылған қой еті тасымалданған. Тексеру барысында Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдауға қатысты уақытша шектеулердің болғаны анықталды. Бұл шектеулер Ресей Федерациясының эпизоотиялық жағдайы қолайсыз аумақтарынан өнімді тасымалдауға байланысты енгізілген.

Жүк көліктері кері бағытқа қайтарылды. Жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар салынды. Тасымалдаушыларға ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптары түсіндірілді.

2026 жылдың басынан бері аталған бекетте 249 заң бұзушылық анықталған. 249 жүк көлігі кері бағытқа қайтарылып, 117 тұлғаға қатысты әкімшілік айыппұлдар салынған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жүк тасымалдаушылар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарын сақтауға шақырады. Ветеринариялық ілеспе құжаттарды дұрыс рәсімдеу және белгіленген талаптарды сақтау елдің эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі.

Осыған дейін Қазақстанға шетелден алма әкелуге тыйым салынған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар