Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев қаза болған әскерилердің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

kz.kursiv.media

Тоқаев қаза болған әскерилердің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, атаулы жеделхат жолдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Президенттің жеделхатын Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы және қоғам белсенділері қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына табыстады.

Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, мемлекет тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза болуына кінәлі адамдар заң аясында ең қатаң жазаға тартылатынын жеткізді.

Президент жеделхатында қаза болған әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын да атап өткен.

Бұған дейін Каспий теңізіндегі 14 жас әскерилердің қазасына қатысы бар деген күдіктілер ұсталды. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға қолбасшылық құрамының жауапты лауазымды тұлғалары.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының ерекше бақылауында.

Бүгін Қазақстан 14 сарбаздың қаза болуына байланысты аза тұтып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар