Қазақстанда жаңа OMODA JAECOO автокөліктері шығарыла бастайды
Astana Motors компаниясы мен қытайлық Сherry Group компаниялары келісімге қол қойды. Соның аясында Қазақстанда OMODA & Jaecoo көліктерін шығарылатын болады. Бұл туралы Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев айтты деп хабарлайды Kursiv Media.
Көліктер Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында құрастырылады. Биыл қыркүйекте алғашқы 60 көлік шығарып үлгерген. Енді жыл соңына дейін тағы да 2000-ға жуық OMODA Jaecoo автосын құрастырмақшы. Келесі жылы бұл көрсеткішті 10 000-ға дейін жеткізу деген жоспар бар.
Несіпбаевтың айтуынша, зауыттағы отандық үлес 18%-ға жетеді. Алдағы уақытта отандық үлесті одан әрі арттыру үшін қытайлық өндірушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
«Мақсатымыз – Алматыда өзіміз шығарып жатқан орындықтарды, мультимедиа жүйелерін және басқа де бөлшектерді Қазақстандағы өзге де автозауыттарға жеткізу», – деп атап өтті Astana Motors бас директоры.
Қазақстанда құрастырылатын көліктер бағасы да белгілі. OMODA & Jaecoo C5 көлігі жиынтықтамасы мен қозғалтқыш түріне байланысты 9 миллион 600 мың теңгеден 11 миллион 700 мың теңгеге дейінгі бағада сатылады. Ал OMODA & Jaecoo J7 гибридті автосының бағасы 17 миллион 800 мың теңгені құрайды.
Жаңа көліктердің өндірісі үшін 2025 жылы қыркүйекте «Астана Моторс» компаниясы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan атты жаңа зауытын іске қосқан еді. Қазір онда Chery, Great Wall Motor, Changan, and Omoda & Jaecoo атты төрт қытайлық бренд құрастырылады.
Зауытта 2 200 қызметкер еңбек етеді. 2027 жылы зауытта 100 мың көлік шығаруды жоспарлап отыр, қазіргі өндірістік қуаты – жылына 60 мың көлік.
Кәсіпорын толығымен Astana Motors инвестициясына салынған. 215 млрд теңге көлемінде қаржы құйылған. Оның 40%-ы – компанияның өз қаражаты, ал қалған 60%-ы – Қазақстан Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорынан алынған несие.
Одан бөлек Алматы қаласының индустриялық аймағында Astana Motors-қа тиесілі автобөлшектер шығаратын кластері жұмыс істеп тұр. Бұл – оңтүстіккореялық Motrex, Youngsan, and THN сияқты компаниялармен бірлескен кәсіпорындар. Осы өндіріс орындарында мультимедиа жүйелері мен автокөлік орындықтарын шығару қолға алынды.
«Сонымен қатар, Youngsan, Motrex компанияларымен өндірісті одан әрі тереңдетіп, орындықтарға арналған қаптартігуді, автокөліктегі түтін шығаратын құбыр, жылыту жүйелерін, еден жабындары мен төбе қаптамаларын шығаруды бастаймыз», – дейді Бекнұр Несіпбаев.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026