Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы қонақүйі аукционда сатылмады

kz.kursiv.media

Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы қонақүйі аукционда сатылмады

Қайрат Сатыбалды мемлекет меншігіне өткізген Double Tree by Hilton Almaty қонақүйі аукционда сатылмады.

9 қыркүйекте Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бұған дейін Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй ғимаратын электронды сауда порталына аукционға шығарғанболатын. Сауда-саттық бағаны көтеру тәсілімен өтуі тиіс болған. Қонақүйдің бастапқы бағасы 12,7 млрд теңге, ал кепілдік жарнасы 1,9 млрд теңге болып белгіленді.

Аукцион бүгін, 25 қыркүйекте сағат 10:00-ге жоспарланған. Алайда қазір оның мәртебесі «Өтпеді» деп көрсетілген. Өйткені сауда басталған уақытта аукцион залына бірде-бір қатысушы тіркелмеген.

Сауда-саттықтың мәртебесі электронды порталда жаңартылды.

«Өтпеді. Электронды аукцион басталған кезде сатылатын нысан бойынша аукцион залында тіркелген қатысушылар болған жоқ», – деп көрсетілген лот мәртебесінде.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2023 жылғы тамызда қонақүйдің сыйға тарту шарты негізінде мемлекет меншігіне өткенін хабарлаған. Сол жылдың қыркүйегінде нысан Сот әкімшілігі департаментінің балансына берілген.

Осыған дейін экіс-депутат Ермұрат Бәпи Hilton қонақүйінде істейтін 250 қызметкерді ғимараттан күштеп шығарып жатқаныны мәлімдеген болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар