«Оскар» иегері мен «Эмми» лауреаты Сьюзан Сарандон мен Ханна Эйнбиндер ұсталды
Америкалық актрисалар Сьюзан Сарандон мен Ханна Эйнбиндерді Нью-Йорк полициясы ұстады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Reuters агенттігі хабарлауынша, олар Йорктегі БҰҰ штаб-пәтері маңында өткен наразылық акциясына қатысқан. Наразылық акциясына қатысушылар Израильге қару-жарақ жеткізілуіне қарсылық білдірді. Акция Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуі қарсаңында және оның сөйлеген кезінде өткен.
БАҚ мәліметінше, Сарандон мен Эйнбиндер Нью-Йорк полициясы қамауға алған акцияға қатысушылардың қатарында болған. Әлеуметтік желілерде екі актрисаның да полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен кісенделген күйінде түсірілген кадрлары пайда болды.
Олардан бөлек, ұсталғандар арасында АҚШ Конгресіне Демократиялық партия атынан үміткер Дариализа Авила-Шевалье және Нью-Йорк қалалық кеңесінің мүшесі Чи Оссе де болды.
Кем дегенде 30 адамның ұсталған. Ал басқа дереккөздер қамауға алынған акцияға қатысушылар саны бұдан әлдеқайда көп болғанын мәлімдеді.
Сьюзан Сарандон – «Тельма мен Луиза», «Өлі адам келе жатыр», «Рокки Хоррордың қорқынышты шоуы», «Иствик мыстандары» және «Клиент» фильмдері арқылы танымал.
Ханна Эйнбиндер — «Қулық» (Hacks) сериалындағы Ава Дэниелс рөлімен танымал американдық актриса және комедиант.
Айта кететін жайт, АҚШ Иран делегациясымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы жоғары деңгейдегі апта барысында келіссөз жүргізуге дайын.
- Соңғы
- Қыркүйек, 25
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
26 қыркүйек 2026