Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов туралы не белгілі

kz.kursiv.media

Жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов туралы не белгілі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып генерал-майор Айдос Мырзахметов тағайындалған еді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Айдос Мырзахметов 1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ол әскери қызметке жиырма жылдан астам уақытын арнаған кадрлық офицер.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік аяқтаған. Кейін ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел әрі командалық даярлық бойынша бірқатар курстан өткен.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде офицерлік қызметтің түрлі сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдады.

2022 жылы Айдос Мырзахметов II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Ол үйленген, үш баласы бар.

Тағы да оқыңыз: Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар