Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

kz.kursiv.media

Тоқаев Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Сердар Бердімұхамедовке және Түрікменстан халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы, Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Кursiv.Media.Мемлекет басшысы бауырлас Түрікменстан бұл мерейлі межені беделді, дамыған мемлекет ретінде қарсы алып отырғанын, осынау жетістіктердің түп негізінде түрікмен халқының ынтымақ-бірлігі, бай мәдениеті мен жасампаз рухы жатқанын атап өтті.

«Тәуелсіздік алған сәттен бері елдеріңіз әлеуметтік-экономикалық жаңғыруда, халықтың әл-ауқатын арттыруда таңғаларлық табысқа қол жеткізді. Өзінің бейтарап ұстанымынан айнымаған мемлекет ретінде халықаралық позициясын күшейтті. Қазақстан Түрікменстанмен достық қатынасын ерекше бағалайды, тату көршілік және өзара қолдау сипатындағы сан қырлы серіктестікті нығайтуға айрықша мән береді», – деп жазылған жеделхатта.Қазақстан Президенті Түрікменстан басшылығының мемлекет мүддесі жолындағы қызметіне толайым табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

Тағы да оқыңыз: Тоқаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауын өткізуімен құттықтады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар