Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

44–53 жыл еңбек еткен қазақстандықтар мемлекеттік награда алды

kz.kursiv.media

44–53 жыл еңбек еткен қазақстандықтар мемлекеттік награда алды

Қазақстанда жыл басынан бері 475 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Қазір электрондық еңбек биржасында 800 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Бұл туралы Еңбек күні қарсаңында өткен «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасында айтылды, Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Kursiv Media хабарлайды.

Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов қатысып, жұмыспен қамту, маман даярлау және өндірістік қауіпсіздық саласында қолданылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты.

Үкіметке жұмыспен қамтылмаған азаматтарды автоматты түрде анықтап, оларға бос жұмыс орындарын ұсынатын цифрлық платформа таныстырылды.

Жоба әзірге Павлодар және Маңғыстау облыстарында пилоттық режимде жұмыс істеп, 59 мыңнан астам адамды қамтыған. Қарашадан бастап жүйені басқа өңірлерге тарату жоспарланған.

Астана әкімдігі де Joltap бағдарламасының нәтижесін таныстырды. Бағдарлама арқылы 22,2 мың адам жұмысқа орналасуға және цифрлық дағдыларға үйретілген. Оның 60%-ы жұмыс тапқан, ал 2 мыңға жуық адам өз кәсібін ашқан.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында студенттер, оқытушылар мен жұмыс берушілерді байланыстыратын цифрлық дуальды оқыту платформасы іске қосылған.

Мәселен, Астана қаласындағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі түлектерінің 93%-ы алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан.

Қазір дуальды оқыту жүйесіне 552 колледждің 138 мың студенті және 11 мыңға жуық кәсіпорын қатысады. Бұған қоса, 43 мың студент жұмыс берушілердің мақсатты тапсырысы бойынша білім алып жатыр.

Үкімет жыл соңына дейін кәсіптік стандарттармен 600 жұмысшы мамандығын қамтуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге еңбек нарығындағы өзгерістер мен жаңа технологияларды ескеретін жаңа жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Іс-шарада өндірістік қауіпсіздікке арналған бірнеше технология да көрсетілді. Олардың қатарында электрондық наряд-рұқсат жүйесі, жүргізушілердің жағдайын бақылау құралдары және құрылыс нысандарындағы жарақаттың алдын алуға арналған бейнеаналитикасы бар «ақылды каска» бар.

Үкімет мәліметінше, қазір Қазақстанда 9,4 млн адам еңбекпен қамтылған.

Іс-шара соңында түрлі салада ұзақ жыл еңбек еткен азаматтарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалар табыс етілді.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар