Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты 45 іс сотқа жолданды

kz.kursiv.media

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты 45 іс сотқа жолданды

Биыл ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

ІІМ қылмыстық топтардың барлық қатысушыларын анықтап, олардың заңсыз әрекеттерін құжаттау және қылмыстық істерді сотқа дейін жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мәселен, Қарағанды облысында тау-кен байыту кәсіпорындарынан тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлаған қылмыстық қоғамдастықтың ұйымдастырушысы мен 10 қатысушысы 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Ал ірі қала құраушы кәсіпорын аумағынан мүлік ұрлауға қатысы бар ҰҚТ басшысы мен төрт мүшесі 10 жылға дейін сотталды.

Алматыда көліктерді заңсыз тіркеу, VIN-кодтар мен ақпараттық жүйелердегі деректерді өзгерту және автокөлік сатуда алаяқтық жасаған 13 адам 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Елордада есірткі өткізген ҰҚТ ұйымдастырушысы 17 жылға, оның бес сыбайласы 16 жылға дейін сотталды.

Қызылордада кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалаған қылмыстық ортаның сегіз өкіліне 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тағы да оқыңыз: Көкшетауда есірткі сатумен айналысқан әке мен қызы сотталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар